Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылды

Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылды
Сурет: ашық дереккөз

Алматыда 20 наурыздан бастап №43 жаңа автобус бағыты іске қосылады, деп жазады Аlmaty-akshamy.kz.

Ол Бригадная көшесі - Сағадат Нұрмағамбетов көшесі - ШАЖ - әл-Фараби даңғылындағы бұрылыс/Достық даңғылы - Төле би көшесі - Қалдаяқов көшесі - Мақатаев көшесі - Қайрбеков көшесі/Жібек жолы көшесі схемасы бойынша жүреді.

Кері бағытта Қайырбеков көшесі / Жібек жолы көшесі - Төле би – ШАЖ - әл-Фараби даңғылындағы бұрылыс/Достық даңғылы - ШАЖ - Сағадат Нұрмағамбетов көшесі - Бригадная көшесі.

Қалалық мобилділік басқармасының мәліметі бойынша, маршруттағы автобустар 06:00-ден 22:00-ге дейін 33 минуттық аралықпен қатынайды. Жолаушылар ағыны күніне 110 адамды құрайды деп күтілуде.