Алматыда жаңа үш мың «Сергек» камерасы қашан қосылады?

Алматыда жаңа үш мың «Сергек» камерасы қашан қосылады?
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Алматыда жаңа "Сергек" камералары қашан қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Бұған дейін қалада қосымша үш мың жаңа камера қосылатыны белгілі болған.

«Қазіргі уақытта қосымша 2 944 "Сергек" камерасын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қосу 2023 жылдың II тоқсанына жоспарланған», - деп жауап берді Ішкі істер министрлігі Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына.

Қазіргі уақытта Алматыда 2021 жылға арналған "Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік" жобасын іске асыру аясында әкімдік орнатқан 5 034 "Сергек" камерасы жұмыс істеп тұр.

Камералар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жүргізушілердің тәртібін арттыру мақсатында орнатылған.