Алматыда жаңа 10 мың люк орнату жоспарланған

Алматыда жаңа 10 мың люк орнату жоспарланған Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Бұл туралы Алматы әкімінің Алатау ауданы тұрғындарымен кездесуінде мәлім болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



- Мен «Өжет» ықшамауданында тұрамын. Өзімнің ауданымды және «Қарасуды» өте жақсы білемін. Өйткені осы жақта жиі жүремін. Бізде де жолдар өте нашар. Әсіресе, жолдағы люктардың айналасы қазылып кеткен. Көліктер содан қашып қауіпті жағдай тудырып жатады, - деп қала әкіміне сауал жолдады аудан тұрғыны. 


«Осы жылы арнайы Алатау ауданындағы 60 көшеде орташа жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Жол жоқ, бұрын болмаған жерлерге салып береміз. Енді люк бойынша, олар баяғы технологиямен салынып, бұзылған. Осы жылы жаңа, құламайтын қалқымалы люктарды салайын деп жатырмыз. Орташа жөндеу болған көшелерде люктарды бірден саламыз. Осы жылы ойымызда 10 мың люк сатып алу бар. Барлығы қаламызда 40 мың люк жатыр. Оларды өзіңіз білетіндей тағы ұрлайды. Алдымыздағы мамыр-маусым айларының ішінде қаладағы ең жиналып қалған сұрақтарды шешуге тапсырма бердім, қаражатты бөлдік. Жаңа люк салғаннан кейін ол 10 жыл жатады, ешкім ұрламаса», - деп жауап берді қала әкімі Ерболат Досаев.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14