Алматыда жалғызбасты әйелге қарулы шабуыл жасалды

Алматыда жалғызбасты әйелге қарулы шабуыл жасалды
сурет: Zakon.kz

Қаскөй банк шотындағы ақшасын да шешіп алған

Алматы облысы Панфилов ауданының 19 жастағы тұрғыны түнде жалғызбасты әйелдің пәтеріне кіріп, пышақпен қорқытып, ақшасы мен бағалы заттарын тонап кетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұған қоса қаскөй оның телефонын иемденіп, мобильді қосымша арқылы оның банк шотындағы ақшасын шешіп алған, деп жазды polisia.kz.

«Бұл туралы жәбірленуші бірден полицияға хабарлады. Дереу тергеу-жедел тобы құрылып, шабуыл жасаған адамды анықтады және ұстады. ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес, ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы (қарақшылық) бойынша күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды»,-деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.