Алматыда жалған құжат жасаумен айналысқан топ құрықталды

Алматыда жалған құжат жасаумен айналысқан топ құрықталды
syrboyi.kz

Алматы қаласы бойынша қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті материалдық сыйақы алу үшін жалған шот-фактуралар мен бастапқы бухгалтерлік құжаттарды шығарумен айналысқан Қ.Болат, У.Қыстаубаев басқарған 7 адамнан тұратын қылмыстық топқа және басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында аталған тұлғалардың өздерінің бақылауындағы 4 коммерциялық компания арқылы қызметтер көрсету және тауарларды жөнелту, жұмыстарды нақты орындамай жалған шот-фактураларды шығарып, салық төлеуден жалтару, 2018-2020 жылдар аралығында жалпы сомасы 3 млрд. теңгені құраған коммерциялық ұйымдарға жұмыстар жасаған.

Айыпталушылардың тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу барысында мөрлер, банк карталары, компьютерлер, ноутбуктер, бұрын қолма-қол алынған 7 млн.теңге ақшасы, сондай-ақ, салмағы 849 гр болатын тыйым салынған «марихуана» есірткі заттарын өсіру фактісі анықталды.

Сот үкімімен айыпталушылар ҚР ҚК-нің 216-бабының 3-бөлігі (іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей және тауар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша іс-әрекеттер жасау) бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылдан 4,8 жылға дейін әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған.

Тыйым салынған есірткі заттарды табу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу Алматы қаласының ПД тергеуі бойынша берілді.