Алматыда жабық ғимарат пен қоғамдық көлікте маска тағу ұсынылды

Алматыда жабық ғимарат пен қоғамдық көлікте маска тағу ұсынылды
Сурет: Rg.ru

Cанитарлық шаралар күшейтіледі.

Елде COVID-19 ауруының өсуін ескере отырып, қосымша шаралар қабылдау туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Алматы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша «сары» аймаққа өткендіктен, санитарлық шаралар күшейтіледі: 

  • науқаспен жақын байланыста болған адамдарды қашықтан жұмыс істеу түріне ауыстыру; 
  • вакцинациялануға абсолюттік қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру; 
  • жабық мекемелерде, қоғамдық көлікте бетперде кию. 

Айта кетейік, әзірге бетпердені тағу ұсыныс қана. 

4 шілде күні Алматы қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қасымхан Алпысбайұлының коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы жаңа қаулысы шыққан еске салайық.