Алматыда жабдықталмаған саябақта 8 жасар баланы тоқ соқты

Алматыда жабдықталмаған саябақта 8 жасар баланы тоқ соқты
Сурет: 24.kz.

Оқушы ауруханаға ауыр халде жеткізілді.

Алматыда саябақта достарымен ойнап жүріп қоршауға өрмелеген баланы тоқ соқты. Қазір ол ауруханада жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.   

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқушы ауруханаға ауыр халде жеткізілді. 

«Тоққа түсіп қалған 2014 жылы туған А. есімді бала жедел жәрдем бригадасымен орталық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оқушыға алғашқы көмек көрсетіп, бірден күйік бөліміне жатқызды. Жағдайы тұрақты, орташа ауырлықта. Протокол бойынша ем алып жатыр», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан. 

Белгілі болғанындай, оқыс оқиға Алатау ауданында болған. Сегіз жасар бала жабдықталмаған саябақта достарымен ойнап жүріп қоршауға өрмелеген кезде тоқ соққан. Алатау ауданының әкімдігіндегілер ойын алаңқайын салу мәселесі бойынша жұмыс істеліп жатқанын мәлім етті.