Алматыда зейнеткерлердің атынан заңсыз несие рәсімдеген күдікті ұсталды

Алматыда зейнеткерлердің атынан заңсыз несие рәсімдеген күдікті ұсталды
Сурет: NUR.KZ

Күдікті бұған дейін де осыған ұқсас қылмысы үшін сотты болған.

Алматыда зейнеткерлердің атынан заңсыз несие рәсімдеген күдікті анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бір эпизодта 26 жастағы К. есімді азаматша әженің сеніміне қиянат жасап, оның деректерін пайдаланып, 900 мың теңге көлемінде тауарлық онлайн несие рәсімдеген.

«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол ақшаның қажеттілігін алға тартып, істеген ісін бірден мойындады. Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Бір қызығы, күдікті бұған дейін де осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Іс бойынша тергеу жалғасуда.