Алматыда зейнеткерлерді алдаған әйел ұсталды

Алматыда зейнеткерлерді алдаған әйел ұсталды Сурет:Zakon.kz

Күдікті қазір қамауда.


62 жастағы әйел әлеуметтік қызметкердің атын жамылып, зейнеткерлерді алдаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Алматыда өзін әлеуметтік қызметкермін деп таныстырған 62 жастағы әйел ұсталды.



«Күдікті өзін әлеуметтік қызметкер ретінде таныстырып, қарттарға азық-түлік жеткізуге және қамқорлық жасауға көмектесуді ұсынды. Аудан тұрғынынан полицияға өз сенгіштігінің құрбаны болғаны туралы арыз келіп түсті. Ақшаны алу механизмі қарапайым болды: әйел өзін әлеуметтік қызметкермін деп таныстырып, азық-түлік дүкеніне барып келуді ұсынып, зейнеткерден бірнеше рет ақша ауыстырып беруін сұраған, ал жинақтың қайда сақталғанын көргеннен кейін, қолайлы сәтте 3 миллион теңгені ұрлап кеткен. Күдікті қазір қамауда. Ұрланған ақшаның бір бөлігі тәркіленді», – деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.




Күдіктінің осындай әрекеті үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50