Алматыда заңсыз кесілген 300 ағашқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматыда заңсыз кесілген 300 ағашқа қатысты қылмыстық іс қозғалды
Сурет: Inform.kz

Ағаштарды заңсыз кескендер жауапқа тартылады

Медеу ауданындағы Керей-Жәнібек хандар көшесінде заңсыз кесілген қатысты полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Естеріңізге сала кетейік, алматылықтар Керей-Жәнібек хандар көшесі бойындағы 300 түп ағаштың заңсыз кесілгенін айтып шағымданған болатын

«Алматы қалалық полиция департаменті бұл факт ҚР Қылмыстық кодекстің 340-бабы 1-бөлігі (ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлайды. Тиісті сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Тергеуді Медеу аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Кесілген ағаштардың тұқымы мен түрлері әлі анықталған жоқ. Ботаникалық бақтың зерттеу нәтижелері 3-5 күннен кейін белгілі болады.

Алдын ала болжам бойынша, ол жерде Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген сиверс алма ағаштары кесілген.