Алматыда заңгер Елеген Қайыржановқа мемориалдық тақта ашылды

Алматыда заңгер Елеген Қайыржановқа мемориалдық тақта ашылды
Cурет: Баспасөз қызметі

Полиция қызметкерлерін оқу үрдісінің құрамдас бөлігі ретінде терең ғылыми даярлау қажет.

17 қыркүйекте Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары, з.ғ.д., профессор Әбдіров Нұрлан Мәжітұлы Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясында өткен, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, ҚР ЖҒҚА академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор Елеген Ізтілеуұлы Қайыржановтың мемориалдық тақтасының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Сонымен қатар, Нұрлан Әбдіров Алматы академиясының Ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты. Онда жоғары оқу орынның бастығы - полиция полковнигі Айдар Саитбеков Академия дамуының стратегиялық векторы, инновациялық әдістер мен заманауи тенденциялардың оқу үрдісіне енгізілуі туралы айтты.
Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Алматы академиясының қызметін жоғары бағалап, полиция қызметкерлерін оқу үрдісінің құрамдас бөлігі ретінде терең ғылыми даярлау қажеттілігіне ерекше назар аударды.