Алматыда «Заттар өмірі» атты көрме ашылды

Алматыда «Заттар өмірі» атты көрме ашылды
Сурет: Тakiedela.ru

Көрме жұмысы Республика сарайында қазан айының 8-іне дейін жалғасады.

Қылқалам шеберлері пластик, металл, маталар, резеңке және тағы басқа заттарға екінші рет өң беріп, олардан ерекше туындылар жасап шығарғандықтан, көрменің атауы «Заттар өмірі» деп аталған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Almaty.tv каналының хабарлауынша, экспозицияға ел суретшілерінің соңғы 30 жылдағы жұмыстары қойылған. Авторлар шикізат көздерін қолдану арқылы жаңа эсететика іздейтінін аңғарсақ, екінші жағынан, экожүйеге ерекше көзқараспен қарауды меңзейді. Көрмеге қойылған әр туындыдан еліміздің тарихи кезеңдерін айқын көруге болады.  

«Бұл Тәуелсіз Қазақстанда жасалған, яғни, 30 жылдан бері салынған туындылар. Көрмеге 12-ден астам суретшілердің жұмыстары қойылған. Экспозициядан заттардың авторлардың шығармашылығына қаншалықты әсер ететінін көруге болады», - деді көрме жетекшісі Владислав Слудский.