Алматыда заңсыз майнингпен айналысқандар ұсталды

Алматыда заңсыз майнингпен айналысқандар ұсталды
Cурет: Azattyq-ruhy.kz

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

Алматы-1 стансасының желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Құндызды стансасының теміржол трассасы аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, майнингпен заңсыз айналысқандарды ұстады. Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Департамент басшысы Оңал Бекиевтің айтуынша, көлік полициясының тексеруі кезінде криптовалюталарды шығаруға арналған 130 қорап тау-кен техникасы, сондай-ақ қатты дискілер мен жабдықтың қосалқы бөлшектері табылып, тәркіленді.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, қажетті тергеу-жедел іс-шаралар жүргізілуде», – деді полиция генерал-майоры.

 Әзірге Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайтынын да ескертті.