Алматыда үй алып беремін деп алдаған алаяқ ұсталды

Алматыда үй алып беремін деп алдаған алаяқ ұсталды
сурет:sputnik-georgia.ru

24 жастағы жігіт 400-500 мың теңге көлемінде ақша алған.

Алматыда алаяқтық жасаған 24 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Polisia.kz сілтеме жасап.

24 жастағы жігіт жұрттың сеніміне кіріп, ипотекаға үй алып беретінін айтып, алдын ала 400-500 мың теңге көлемінде ақша алып отырған. Ақшаны ала салысымен байланысты үзіп, жоғалып кетіп жүрген.

Полицейлердің мәліметінше, күдіктінің осындай он қылмысқа қатысы болуы мүмкін. Күдікті Қарағандының тумасы. Қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.