Алматыда үстел теннисінен халықаралық турнир өтеді

Алматыда үстел теннисінен халықаралық турнир өтеді
Сурет: Olympic.kz

Алматыда 6-11 желтоқсан аралығында ADD үстел теннисі орталығында дәстүрлі «Алтын күз» халықаралық турнирі өтеді.

Оған Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстаннан 200-ден астам жас спортшы қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап. 

Медальдар мен сыйлықтар бірнеше жас санаттарында ойнатылады.