Алматыда үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты басталды

Алматыда үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты басталды
Сурет: Ашық дереккөз

Теннисшілер шағын топқа бөлініп ойнады

Алматыдағы ADD Үстел теннисі орталығында Қазақстан жасөспірімдер чемпионатының матчтары басталды. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Командалық турнирде теннисшілер шағын топқа бөлініп ойнады. Одан үздік шыққан екі құрама финалдық сегіздікке еніп, медаль үшін таласып жатыр. Қыздар арасында: Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Абай, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан облыстары.

Ұлдар арасында: Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан облыстары.