Алматыда үшем дүниеге келді

Алматыда үшем дүниеге келді
dela.ru

Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz осы орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1600 және 1400 грамм салмақта туған нәрестелер кесарь арқылы дүниеге келді. Барлық уақыт бойы ана мен сәбидің денсаулығы қатаң бақылауда болды.

«Бірінші қыз бастапқыда өздігінен тыныс алды, салмағы төмендеу екі қыз үш күн өкпенің инвазивті емес желдету аппаратында реанимацияда жатты. Жағдайлары тұрақтанғаннан кейін олар патология бөлімшесіне ауыстырылды. Қазіргі уақытта сәбилердің  денсаулығы жақсы, жағдайы тұрақты», - дейді нәрестелер реанимациясы бөлімшесінің меңгерушісі Саният Сұлтанова.

Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында жыл басынан бері 97 егіз дүниеге келді, ал енді дүниеге келген бір үшем бар.