Алматыда ұсақ бұзақылық жасаған жасөспірімдер анықталды

Алматыда ұсақ бұзақылық жасаған жасөспірімдер анықталды Сурет: Polisia.kz.

Өткен аптада ғана қалада 38 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды.


Алматыда ұсақ бұзақылық жасаған жасөспірімдер анықталды, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сәлтеме жасап. Олардың көпшілігі ата-анасының бақылауынсыз түнде көшеде жүрген. Олар КТБО-ға орналастырылды. 411 ата-ана кәмелетке толмаған балалар түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көшеде жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар кәмелетке толмаған балаларының тәрбиесімен айналыспайтын, оларға кері әсерін тигізетін 35 ата-ана анықталып, ІІО-ға есепке алынды. Ұсақ бұзақылық жасаған 9 жасөспірім әкімшілік жауапкершілікке тартылды.



– Ата-аналар өздерінің тарапынан бақылаудың болмауы жасөспірімдердің құқық бұзушылыққа немесе оларға қарсы заңсыз әрекеттерге баруы мүмкін екенін білуі және түсінуі маңызды, сонымен қатар олардың тәрбиесіне жауапкершіліктері бар екенін ұмытпауы керек, – деді полицейлер.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26