Алматыда ұрлық жасап жүрген күдікті анықталды

Алматыда ұрлық жасап жүрген күдікті анықталды Сурет: Іnform.kz

Б. есімді азамат бұрын да бірнеше рет сотты болған.


Алматының жеке секторында ұрлық жасап жүрген күдікті анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


38 жастағы облыс тұрғыны Алматы тұрғындарының үйіне таңғы сағат 04:00-05:00 аралығында кіріп жүрген. Үй иелерінің ұйықтап жатқанын пайдаланып, ер адам олардың үйінде «иелік» етіп жүрген.



«Шақырылмаған қонақ» қоршаудан секіріп өтіп, аулаға кіріп кеткен. Оның үстіне ол төрт аяқты күзетшісі жоқ үйлерді таңдады: иттері бар үйлерді айналып өтіп жүргендігі белгілі болды. Түнгі уақытта кейбір адамдардың үйінің есіктері жабылмайды екен. Бұл фактор қаскөй үшін жақсы болды. Бөтен біреудің үйінен ол телефон, ақша, зергерлік бұйымдарды іздеген. Жеңіл жолмен ақша табуды ұнататын адамды біздің бөлімшенің криминалдық полиция қызметкерлері ұстады. Қазіргі уақытта оның қатысуымен төрт қылмыстық эпизод анықталды. Пәтерден тонау деректері бұдан да көп болуы мүмкін екеніне сенімдімін – бұл нұсқа қазір мұқият тексеріліп жатыр», – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.



Сонымен қатар спикер Б.есімді азаматтың бөтеннің мүлкіне құмарлығы үшін бұрын бірнеше рет сотты болғандығын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36