Алматыда ұрланған мылтық пен оқ-дәрілердің қоймасы табылды

Алматыда ұрланған мылтық пен оқ-дәрілердің қоймасы табылды
Сурет: Polisia.kz

Қару-жарақты жасырған күдіктілер ұсталды

Дәлірек айтсақ, құпия орын "Шаңырақ" ықшамауданындағы жеке тұрғын үйдің еденінің астына салынған. Онда тәртіпсіздікке және қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан төрт адам ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтаған.

«Атап айтқанда, тінту кезінде оқтары бар екі мырыш, 12 РГД және Ф-1 гранатасы, АК-47-ге арналған екі патрон, оқ өткізбейтін киім, қалқандар, дулығалар, РПГ снаряды, тегіс ұңғылы мылтық, тоғыз мылтық және т.б. анықталды. Айғақты заттар тергеу-жедел тобымен процессуалдық тәртіпте тәркіленді. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен және ҚР ҚК-нің 291-бабы 1-бөлігімен тіркелді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.