Алматыда ұрылар ұсталды

Алматыда ұрылар ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Алматының Түрксіб ауданында ұрлық жасады деген күдікке ілінген екі азамат ұсталды.

Алдын ала мәлімет бойынша, бірер сағаттың ішінде жігіттер қаланың әр ауданында екі қылмыс жасаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Түнгі уақытта қаскөйлер өтіп бара жатқан адамға шабуыл жасады: оның басынан ұрып, үш телефон мен ақша салынған сөмкені алып кетті. Бірнеше сағаттан кейін күдіктілер дәл осындай қылмысты қаланың төменгі бөлігінде жасады.

«Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында біздің бөлімшенің учаскелік инспекторлары бағдардан алынған белгілер бойынша күдіктілерді ұстады. Олар – 1993 жылы туған А.есімді азамат және 1990 жылғы К.есімді азамат. Олардың бірі Астана қаласында бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін іздеуде болған. Аталған деректер бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігіне сәйкес, қылмыстық іс тіркелді. Ұрланған заттар: телефондар, қол сағаттар және ақша айғақ ретінде қылмыстық іске қосылды», – дейді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Қылмыстық іс бойынша басқа да мәліметтер ҚР ҚПК-нің 201-бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес жария етуге жатпайды.