Алматыда «Ұлт рухы - ұрпақ мұраты» атты форум өтуде

Алматыда «Ұлт рухы - ұрпақ мұраты» атты форум өтуде
Сурет: Inform.kz

Алматы қаласында «Ұлт рухы - ұрпақ мұраты» атты Қазақстанның І Мәдениет форумы басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Бұл - осы бағыттағы тұңғыш форум.

Айтулы форумға республиканың түкпір-түкпірінен 500-ден аса делегат келді. Олар - еліміздің мәдениет, руханият саласындағы көрнекті тұлғалар, өнер саңлақтары, белгілі қаламгерлер.

Форумды ҚР Мәдениет және спорт министрі Даурен Абаев ресми түрде ашып беріп, бүгінгі және болашақ рухани бағыт-бағдарымызға байланысты келелі баяндама жасады.

«Біздің басты мақсатымыз - кітап оқитын қоғам қалыптастыру, тілі мен дәстүріне берік жастардың қатарын молайту» деген сала басшысы Алматы шаһарында күні бойы түрлі форматта өтетін форум жұмысына сәттілік тіледі.