Алматыда үлкен ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Алматыда үлкен ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
ernur.kz

19-20 қарашада Алматыда қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі  өтеді, онда қаланың азық-түлік кәсіпорындары, сондай-ақ Алматы облысының жақын маңдағы аудандарының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Сатып алушыларға ұсынылатын өнімдер ассортиментінде 50-ден астам атаулар бар (сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, ұн, жарма, өсімдік және жануарлар майлары және т.б.).

Өнімнің жалпы көлемі 100 тоннаны құрайды, оның ішінде:
* ет өнімдері - 20 тонна,
* жеміс-көкөніс өнімдері - 60 тонна,
* сүт өнімдері - 5 тонна, 
* балық өнімдері - 1 тонна,
* басқа өнімдер - 14 тонна.

Жәрмеңке Шевченко көшесі бойымен Қонаев көшесінен Пушкин көшесіне дейінгі ("Ғылым ордасы" ББО Археология мұражайына қарама-қарсы) аралықта сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін өтеді.