Алматыда ұлын ұрған әке қамауға алынды

Алматыда ұлын ұрған әке қамауға алынды
Сурет: Delfi

Жасөспірім 15 тамыз күні ауруханаға жеткізілген.

Алматыда өз ұлын ұрып-соққан ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жас жігітке жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының жарақаты, маңдай қуысының алдыңғы қабырғасының сынуы, мұрын сүйектерінің сынуы диагнозы қойылды.

Алатау аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті – К.есімді азамат ҚР ҚПК-нің 128-бабы бойынша ұсталды және УҰИ қамалды. Тергеу барысы Алматы полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды.