Алматыда виртуалды 3D-турлар және аудиогидтер іске қосылды

Алматыда виртуалды 3D-турлар және аудиогидтер іске қосылды Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Almaty Tourism Bureau қаланың басты көрікті жерлері бойынша тегін виртуалды 3D-тур әзірледі. Енді жоғары сапалы цифрлық көшірмелердің арқасында үйден шықпай-ақ туризм нысандарына баруға болады. Виртуалды тур Алматыны халықаралық деңгейде туристік дестинация ретінде танымал етуге бағытталған, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


«Біз интерактивті экскурсия жасағымыз келді, сондықтан компьютерлік тінтуірдің көмегімен сіз толық экскурсия жасай аласыз, көрерменге «қатысу әсерін» жасай отырып, ол жердің кез келген нүктесінде отырып, барынша толық ақпаратты ала алады. Мысалы, курсорды Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының сахнасына апарып, онда бұрын қандай қойылымдар өткенін көруге болады. Мұндай виртуалды турлар тек орындар туралы ақпараттандырып қана қоймай, сонымен қатар экскурсиялық-туристік көрсету нысандарымен көрнекі танысу шекарасын кеңейтуге мүмкіндік береді», – Almaty Tourism Bureau басшысы Камила Лұкпанова атап өтті.



Бүгінде төрт 3D туры құрылды, оларды VisitAlmaty.kz. сайтынан табуға болады. Қол жетімді турлардың ішінде Д.А. Қонаев мемориалдық пәтер-музейі, қазақтың ұлы жазушысы М. Әуезовтің әдеби-мемориалдық үй-музейіне виртуалды саяхат жасауға, сондай-ақ Абай ҚазҰОБТ-ға және Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрына баруға болады.


Виртуалды саяхатты бастау үшін тек бір қадам жасау жеткілікті – кіре беріс есікті басып, ғимараттың ішіне кіресіз. Тінтуір курсорын жылжыту арқылы жан-жаққа қарап, әр бөлігін зерттей отырып, дәліздер арқылы алға жылжи аласыз. Әрбір орынның атмосферасына толық ену үшін үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді аудиогидті қосуға болады.



Ағымдағы жылдың қараша айында туристерге Алматының тағы 9 нысаны бойынша, оның ішінде ҚР орталық мемлекеттік музейі, Республика Сарайы, Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі, Ықылас атындағы ұлттық музыкалық аспаптар музейі, Алматы метрополитені, Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Орталық мешіт, Алматы Вознесенск кафедралды соборы және Байкен мешіті бойынша виртуалды «серуендер» қолжетімді болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26