Алматыда VI Түрік киносы апталығы өтеді

Алматыда VI Түрік киносы апталығы өтеді Cурет: Ttjk.info

Фильмдер қала тұрғындарына тегін көрсетіледі


Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігінің Кинематография департаментінің салымдары жане Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматыдағы Бас консулдығының қолдауымен «Йерли Дүшүнже» ассоциациясы ұйымдастырған 6-шы Түрік киносы апталығы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


2021 жылдың 27 қазанында кино және баспасөз қауымдастықтары өкілдерінің қатысуымен 6-шы Түрік киносы апталығы Алматы іс-шарасының ашылу салтанаты қаладағы «Арман» кинотеатрында Мехмет Ада Өзтекин киноға түсірген «7-ші Камерадағы керемет» фильмінің көрсетілуімен жүзеге асады.
Кинематографияның күшіне негізделген Қазақстан мен Түркия арасында тағы бір көпір салуды мақсат еткен Түрік фильмдерінің апталығында кәсіби режиссерлердің марапатталған туындылары, сондай-ақ танымал фильмдер ұсынылады. Оған қоса бұл үздік фильмдер түрік киносын шолуға «панорамалық» мүмкіндік береді.


2021 жылдың 27-31 қазаны аралығында Алматыда өтетін 6-шы Түрік фильмдерінің апталығында «7-ші Камерадағы керемет», «Баскетбол сақинасы», «Маузер», «Махаббат өмірі» сияқты фильмдер мен анимациялык «Рафадан Тайфа: Кіндік-төбе», «Хабарландыру» фильмдері көрерменге тегін көрсетіледі.


Әсіресе, осы аптада фильм көрсетілімінен кейін әртістер мен көрермендер арасында кездесулер өтеді. Әл-Фараби университетінің студенттерімен түрік киносы бойынша сұхбат өтеді. Іс-шара аясында Түркиядан келген режиссерлер, актерлер мен продюсерлер қазақстандық кино әртістеримен кездеседі, сонымен қатар екіжақты келіссөздер мен бірлескен туындыларды құру бойынша сұхбаттар жүргізіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26