Алматыда веложарыс өтеді

Алматыда веложарыс өтеді
almaty-marathon.kz

2022 жылдың 12 маусымында Ұлттық ғылым академиясының жанында велоспорттан «Astana Motors Criterium» жарысы өтеді деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Қатысушылардың  саны – 100 адам (онлайн тіркелген). Жарысқа 18 жастан асқан спортшылар жіберіледі. Жарысқа UCI ережелеріне сәйкес жолда  велосипед  тебе алатындар жіберіледі, олардың  велосипед формасы мен велошлемдері болуы тиіс.

Жарысқа байланысты сағат 07:00-ден 12:00-ге дейін Құрманғазы – Пушкин, Пушкин – Шевченко, Шевченко – Қонаев көшелерінің қиылысында жол қозғалысын жабу жоспарлануда.

Азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала  белгілеп  алуды  сұраймыз.

Іс-шара бағдарламасы:

07:00-07:50 – старттық нөмірлер мен чиптерді беру

07:50 – көру шеңбері

08:00 – критериумның  басталуы

09:30 – марапаттау рәсімі