Алматыда велосипед ұрлаушы қолға түсті

Алматыда велосипед ұрлаушы қолға түсті Сурет: Velonation

Бұл азамат бұрын да осындай бап бойынша сотталған.


Алматыда велосипед ұрлап жүрген тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қаскөйді тек Алмалы ауданындағы көпқабатты үйлердің кіреберісінен алып шығып жүрген балалар велосипедтері ғана қызықтырды.



«Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында ұрлық жасағанын мойындаған 24 жастағы шаһар тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас жеті қылмысқа қатыстылығы дәлелденді. Жас жігіт велосипедтерді арзан бағаға сатып, ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған», – дейді Алмалы ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімінің басшысы Мейірхан Жаңабаев.



Өзгенің велосипедін «жақсы көретін» азамат бұрын да осындай бап бойынша сотталған. Сотқа дейінгі тергеу мерзімінде күдікті бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алынды. Оның осыған ұқсас ашылмаған қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Барлық жеті эпизод бір өндіріске біріктіріліп, қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлімі бойынша тергелуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31