Алматыда вакциналаудың толық курсынан 1 163 779 адам өтті

Алматыда вакциналаудың толық курсынан 1 163 779 адам өтті
Сурет: Inform.kz

Алматыда КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, қала «жасыл» аймақта.

Алматыда тұрақты эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз ету мақсатында халықты КВИ-ге қарсы вакциналау мен ревакцинациялау жалғасуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Алматыда КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, қала «жасыл» аймақта.

«Алматыда өткен жылдың 1 ақпанынан бастап биылғы 23 мамырға дейін КВИ-ге қарсы бірінші компонентпен 1 206 418 адам егілді, вакциналаудың толық курсымен 1 163 779 адам қамтылды. Сондай-ақ, 23 мамырда қалада КВИ-ге қарсы 430 509 адам ревакциналаудан өтті», - делінеді ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ, департаменттен хабарлағандай, қалада қазір ұжымдық иммунитет 60,2%-ды құрайды. Бұл тұрақты эпидемиологиялық жағдайды ұстап тұруға жеткіліксіз (иммундық қабат кемінде 80% болуы қажет). КВИ жұқтыру қаупі жоғары мына адамдар КВИ-ге қарсы қайта ревакциналауға жатады:

1) медицина қызметкерлері;

2) медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен персоналы;

3) күштік құрылымдардың қызметкерлері;

4) педагогтер;

5) пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйе мекемелерінің контингенті;

6) 50 жастан асқан адамдар.

Алматы қаласындағы барлық қалалық емханаларда QazCOVIDin/Қазвак, VeroCell, «Комирнати» (Pfizer, АҚШ) сияқты COVID-19-ға қарсы вакциналар жеткілікті мөлшерде бар.

Азаматтар тұрғылықты жері немесе жұмыс/оқу орны бойынша аумақтық қалалық емханаларда COVID-19-ға қарсы вакциналау немесе ревакциналаудан өтулеріне болады.