Алматыда 899 300 адам вакцинаның екі компонентін алды

Алматыда 899 300 адам вакцинаның екі компонентін алды
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін алған халық саны бойынша көш бастап тұр, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

2021 жылғы 11 қазанда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 7 884 798 адам, 2-ші компонентін 6 942 756 адам салдырды.

Вакцинаның екі компонентін толық алған тұрғындар бойынша алдыңғы орында:

Алматы қаласы – 899 300 (10 қазандағы көрсекіш - 896 069);

Түркістан облысы – 799 937 (791 298);

Алматы облысы – 691 518 (688 357);

Шығыс Қазақстан облысы – 658 004 (650 227);

Қарағанды облысы – 478 044 (476 691) орналасқан.