Алматыда вакцина салушылар қатары артып келеді

Алматыда вакцина салушылар қатары артып келеді
Сурет: Dw.com

Екпені 60-тан асқандар мен созылмалы аурулары бар адамдар жиі салғызып жатыр.

Алматы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары «стелс-омикронды» вакцина салдырмағандар мен қайталап екпе алдырмағандардың жұқтырғанын айтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, екпені бір жылдан астам уақыт бұрын алғандар да ауру жұқтыруы мүмкін. Өйткені «стелс-омикрон» әлсіреген иммунитетті бұзып, ағзаға ену қабілетіне ие.

«Еліміз бойынша 4 түрлі вакцина бар. Бұл қазір QazVac, Спутник V, Vero Cell және Pfizer екпелері. Қазір көбіне қазақстандық QazVac вакцинасы жүргізіледі. Бүгінде Алматы қаласы бойынша 1 күнде шамамен 1 200-1 300 адам вакцина алады. Біздің емханада бір күнде 400-дей адам екпе салдырады»,- дейді алматылық дәрігер Рауан Нұркенов.