Алматыда вакцина алмағандарды тексеру басталды

Алматыда вакцина алмағандарды тексеру басталды
Cурет: Almaty.kz

Қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен отырыс өтіп, мониторинг жүргізу алгоритмі бекітілді.

Алматыда мониторингтік топтар вакцина алмаған қызметкерлерді тексеруді бастады. Аудандық әкімдік өкілдері және тәртіп сақшыларынан құралған бригадалар алдымен ұжым саны 50-ден жоғары мекемелерді бақылауға алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Екпе алуға міндетті қызметкерлер үшін вакцинаның қос компонентін салғызу мерзімі 1 қыркүйекте аяқталды. Осыған орай Алматыда қазір 40 мобильді топ жұмылдырылған. Қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен отырыс өтіп, мониторинг жүргізу алгоритмі бекітілді. Шаһардағы коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитеті төмен кәсіпорындардың тізімі дайындалып жатыр.
Алдымен екпе алған қызметкерлердің тізімі және олардың вакциналау құжаттары тексеріледі. Ал, жұмысшының денсаулығына байланысты вакцинаға қарсы көрсетілімі болса, өзімен бірге медициналық анықтамасы болуы қажет. Сондай-ақ, жұмыс орнындағы карантин талаптарының сақталуы да ескеріледі.
Онымен қоса, жүкті әйелдерден де вакциналау құжаты талап етілмейді. Ал, екпе алудан бас тарқан қызметкерлер онлайн форматта жұмыс істеуі керек. Егер дәстүрлі режимде қызмет еткісі келсе, апта сайын нәтижесі теріс ПТР тестін тапсырып отыруы тиіс.
Мониторингтік топ қызметкердің вакцина алмағанын анықталса, жұмыс беруші тек ескертумен құтылуы мүмкін. Ал заңбұзушылық екінші рет қайталанса, мекеме басшысы әкімшілік жазаға тартылады.

«Кәсіпкерлерлік нысандарды тексеруді бастадық. Тексеру барысында бүкіл қызыметкерлердің тізімі, оның ішінде вакцина алғандары, дәрігердің анықтамасына сәйкес босатылғандар, бүкіл тізім бойынша тексердік. Бұл тексеру барысында ешқандай заңбұзушылықтар анықталған жоқ», – деді Әуезов ауданы Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы Зәкіржан Алтынқожаев.

Бүгінде мегаполис екпе алған тұрғындар саны бойынша республикада көш бастап тұр. Мұнда осы уақытқа дейін 903 мыңнан аса адам ковидтік препараттың бірінші компонентін салдырған. Ал 725 мыңдай алматылық толық иммунитет қалыптастырды.