Алматыда уақытша көлік қозғалысы шектеледі

Алматыда уақытша көлік қозғалысы шектеледі
Cурет: Egemen.kz

Жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 12 мамыр күні сағат 08:00 мен 19:00 аралығында Саин көшесінің шығыс бөлігінде солтүстік бағытта көлік қозғалысы уақытша ішінара шектелетін болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13 мамыр күнгі сағ. 21:00-ден 14 мамыр күнгі сағ. 06:00-ге дейін Саин көшесінің шығыс бөлігінде солтүстік бағытта Қабдолов және Жұбанов көшелеріндегі көлік қозғалысының жолы  шығыс жағында толығымен жабылады. 
Айта кетерлігі, аталған жұмыстар жолдарды орташа жөндеу аясында жоспарланған болатын. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және көлік бағыттарын алдын ала белгілеп алуды сұраймыз, делінген хабарламада