Алматыда тәулік ішінде коронавирус жұқтырған мыңнан астам адам тіркелді

Алматыда тәулік ішінде коронавирус жұқтырған мыңнан астам адам тіркелді
Сурет: Ria.ru

Екпе індеттің күрделі кезеңінен өтуге көмектеседі.

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мегаполиске қатысты эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы туралы айтты. COVID-19 дертінің кезекті төртінші толқыны тамыз айының ортасына, қыркүйектің басында төмендейді деп күтілуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, вакцина індеттің күрделі кезеңінен өтуге көмектеседі. Сондай-ақ Алматыда ағзаны індеттен қорғайтын толық вакцина желісі бар.

«Соңғы аптада коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық ахуал  ушығуда. Өткен аптаны алдыңғымен салыстырғанда КВИ жағдайының тіркелуі 1,4 есеге – 5 790-нан 8 393 жағдайға дейін өсті, тәуліктік өсім 1,5%-ды құрады. 23 шілдеден бастап КВИ-дің күнделікті тіркеуі 1 мыңнан асты және қазірдің өзінде 1 450-ді құрайды. Осы айда Алматыда 20 818 науқас анықталды, ал жыл басынан бері 76 603 науқас тіркелді», – деді мегаполистің бас санитарлық дәрігері.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, шілдедегі эпидемиологиялық жағдайдың нақты болжамы 27,5 мың, ал іс жүзінде 2 мың жағдайды құрайды.

«Алматыда COVID-19 кезекті төртінші толқыны тамыз айының ортасында - қыркүйек айының басында төмендейді деп күтілуде. Тамыз айында 34,5 мың жағдай, қыркүйекте 4,5 мың жағдай болады деп болжануда. 7 күн ішінде «симптомдық» науқастардың үлес салмағының артуы 89,4-тен 90,7%-ға дейін жалғасты, бұл СOVID-19 айналымдағы қоздырғыштары арасында "дельта" нұсқасының таралу шегіне  жеткенін көрсетеді», –деді Жандарбек Бекшин.