Алматыда Тәуелсіздік күніне орай дойбыдан турнир өтті

Алматыда Тәуелсіздік күніне орай дойбыдан турнир өтті
Cурет: «Жанашыр» қоры

Шараға 30-дан аса шахматшы қатысты

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсанның 35 жылдығына орай Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен Халықаралық «Жанашыр» қоры «Патриоттық рух - басты құндылық» жобасы аясында шаралар кешенін жалғастыруда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

2021 жылғы 10 желтоқсанда қалалық №4 кітапханада «Азаматтарға арналған үкімет» МК Алматы қаласы филиалы қызметкерлері арасында шахмат, дойбы ойындарынан турнир өтті.

Мақсаты - Желтоқсан маңызын жас ұрпаққа ұғындыра отырып, патриоттыққа, салауатты өмір салтына үндеу, бұқаралық тәрбиелік іс шараларға қала жастарын тарту, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру.

Шараға филиалдың 30-дан аса шахматшысы қатысып, сайысқа түсті.
Нәтижесінде жігіттер арасында бірінші орынды Түрксіб аудандық ХҚО бөлімінің маманы Жақсылық Шыныбеков, екінші орынды Бостандық аудандық ХҚО бөлімінің маманы Олжас Зейнуланов, үшінші орынды №1 Мамандандырылған ХҚО бөлімінің маманы Бақытбек Ерболұлы мен Жер кадастры басқармасының маманы Рамазан Мұстафаұлы өзара бөлісті.

 Қыздар арасындағы шахмат ойынында Наурызбай аудандық ХҚО бөлімінің маманы Бақтыгүл Бәйтенова жеңімпаз атанса, екінші орынды Жер кадастры басқармасының маманы Ләззат Аппақова, үшінші орынды №1 Мамандандырылған ХҚО бөлімінің маманы Дариға Жұмалиева мен Медеу аудандық ХҚО бөлімінің маманы Әсем Төлекова иеленді.

 Дойбы ойыны бойынша Наурызбай аудандық ХҚО бөлімінің маманы Бақтыгүл Бәйтенова, екінші орынды Алатау аудандық №2 ХҚО бөлімінің маманы Жеңіс Сәбит, үшінші орынға Медеу аудандық ХҚО маманы Рауан Доғдырбек және Алатау аудандық №2 ХҚО бөлімінің маманы Ильяс Абильдаевтар ие болды.

Мұнан басқа, турнирге филиалдың Мұрағат басқармасының, №1 Алатау аудандық ХҚО бөлімі, Алмалы аудандық ХҚО бөлімінің және Көші-қон қызметтері орталығының мамандары қатысты.

Турнирге Жер кадастры бөлімінің маманы Әбеустанов Мақсат төрелік етті.
Турнирдің барлық жеңімпаздары мен қатысушылары «Азаматтарға арналған үкімет» МК Алматы филиалы директорының, Алматы қаласы Әкімдігі Қоғамдық даму басқармасы басшысының және Халықаралық «Жанашыр» қоры президентінің Дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Марапаттау рәсіміне аталмыш ұйымдардың басшылары мен желтоқсаншылар қатысты.