Алматыда түсірілген фильм The Calvert Journal Film Festival-дің марапатын иеленді

Алматыда түсірілген фильм The Calvert Journal Film Festival-дің марапатын иеленді
Сурет: Еxk.kz

Calvert Journal Film Festival-бұл тәуелсіз режиссерлерге арналған онлайн-фестиваль.

«Өркениет тарихы» картинасы Алматыдан Лондонға көшуге ұмтылған Индира есімді қыздың өмірін баяндайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Режиссер Жаннат Алшанованың «Өркениет тарихы» фильмі The Calvert Journal Film Festival 2021 фестивалінде «үздік қысқа метражды фильм» номинациясын жеңіп алды.

Calvert Journal Film Festival-бұл тәуелсіз режиссерлерге арналған онлайн-фестиваль және платформа, онда олар өз жобаларын кең аудиторияға ұсына алады. Фестивальді 2020 жылы The Calvert Journal халықаралық журналы құрды, Шығыс Еуропа, Балқан, Ресей, Кавказ және Орталық Азияның мәдениеті мен шығармашылығын зерттеуге арналған.

«Өркениет тарихы» картинасы Алматыдан Лондонға көшуге ұмтылған Индира есімді қыздың өмірін баяндайды. Көшуге бір күн қалғанда қыздың өмірінде әр түрлі оқиғалар болады.

«Өркениет тарихы» фильмінің түсірілімі 2019 жылы Алматыда өтті. Басты рөлді Mergen лақап атымен өнер көрсететін әнші әрі композитор Ақмарал Зықаева сомдады. Қыз үшін бұл фильмдегі алғашқы рөлі. Оның кинодағы серіктесі суретші Айдар Әлімбаев болды. Қоюшы-оператор Португалиядан келген Леандро Ферран.

Айта кетейік, «Өркениет тарихы» фильмі бұған дейін Швейцарияның Локарно кинофестивалінде «Күміс Барс» сыйлығына ие болған. Сонымен қатар, картина Toronto International Film Festival (Канада), Bosphorus International Film Festival (Түркия), Prague Shorts (Чехия), Les Arcs Film Festival (Франция) және т.б. кинофестивальдердің бағдарламасына іріктелді.

Жаннат Алшанова сонымен бірге өзінің дебюттік толықметражды «Жеңімпаздарды сөреде көруге болады» фильмінің жобасы үшін When East Meets West ("Шығыс Батыспен кездескенде") бірлескен киноөндіріс форумында жеңімпаз атанды.