Алматыда түрік киносының апталығы өтуде

Алматыда түрік киносының апталығы өтуде
almaty-akshamy.kz

Ержан Бабақұмаров Алматыда Түрік киносы апталығының ашылу рәсіміне қатысты

27 қазанда Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров пен Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Мисбах Ахмет Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Түркия Республикасының 98 жылдығына арналған түрік фильмдері апталығының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Алматыда мұндай іс-шара алтыншы рет өткізіліп отыр. Биыл алматылық көрермендерге «Арман» кинотеатрында 31 қазанға дейін бірқатар түрік фильмдері ұсынылады әрі барлығы тегін көрсетіледі.

Айта кетерлігі, Түркия Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін таныған алғашқы ел болды. Бүгінде Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімшарт қолданыста.

Түркі халықтарының ерекше бауырластық қатынастары аясында елдерде мәдени шаралар белсенді түрде өткізіліп келеді. Өз кезегінде кино өнері екі елдің ортақ мәдени-гуманитарлық құндылықтарын ілгерілетуде айрықша орын алады. Фестиваль тұжырымдамасы мәдениет пен тарихқа назар аударудан, екі ел халықтары арасындағы өзара түсіністікті қалыптастырудан тұрады.