Алматыда ТЖД арулары арасында волейболдан турнир өтті

Алматыда ТЖД арулары арасында волейболдан турнир өтті
Сурет: ТЖД

Бас жүлде Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі командасы жеңіп алды

Көктемгі мерекелерге орай Алматы қаласы ТЖ департаментінің басшылығы әйелдер арасында волейбол турнирін ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Төрешілер алқасын ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Самат Асаинов басқарды.

Бас жүлде “Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі” ММ өкілдеріне, “күміс” “101” күштері мен құралдарды жедел басқару орталығының диспетчерлеріне, “қола” 13-ші өрт сөндіру бөлімінің нәзік жанды қызметкерлеріне берілді. “Үздік қорғаушы” номинациясында “Қазселденқорғау” ММ сұлулары да өз жүлдесін алды.

Жоғары волейбол дағдыларын көрсеткен ойыншылар “Үздік байланыстырушы ойыншы”, “Үздік шабуылшы “, “ Үздік қорғаушы “ жеке номинациялары бойынша грамоталармен марапатталды, сондай-ақ ең белсенді жанкүйерлер грамоталармен марапатталды.