Алматыда түрлі аңыздарда айтылатын нимфеялар гүлдеді

Алматыда түрлі аңыздарда айтылатын нимфеялар гүлдеді
Сурет: Ботаникалық бақ

Көптеген халықтар бұл гүлде сиқырлық қасиеттер бар деп санайды

Бас ботаникалық бақта әдемі нимфеялар (су лалалгүлдері) гүлдей бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы ботаникалық бағының мәліметінше, гүл халық арасында «су перісі», «су көкнәрі», «су лалагүлі» деп аталады.

Нимфея немесе Су лалагүлі (лат. Nymphaéa) – Nymphaeaceae тұқымдасына жататын су өсімдіктерінің түрі. Нимфея - ұзын сабақты және тамыры жақсы дамыған, лай мен су қабатының астында орналасқан көпжылдық өсімдік.

Нимфеялар суда мықты тамырлы өскіндер арқылы ұсталып тұрады.

Жапырақтары қара-жасыл түсті, тығыз пластина түрінде болады, көлемі 25 -35 см арасында.
Гүлдеу мерзімі аяз түскенге дейін созылуы мүмкін, ал жеке гүлдің өзі 3-4 күн ғана өмір сүреді. Кешке гүл жапырақшалары жабылып, гүл шоғыры қысқарады және гүл су астына батады. Таңертең кері процесс жүреді.

Күлте 4 гүл тостағаншасының жеке жапырағынан тұрады, бірақ қаныққан түсімен ерекшеленеді. Олардың артында бірнеше қатарда сүйір шеті бар сопақша үлкен жапырақшалар орналасқан. Жапырақшалардың түсі ақ, кілегей, қызғылт немесе қызыл болуы мүмкін.

«Нимфея өсімдігіне қатысты әртүрлі аңыздар көп. Солардың бірінде ақ нимфеяның Геркулеске жауапсыз махаббаты салдарынан су гүліне айналып кеткені айтылады. Көптеген халықтар бұл гүлде сиқырлық қасиеттер бар деп санайды. Жаздың ортасында су лалагүлінің гүлдері су перісіне айналады деген сенім болған. Сондықтан бұл мезгілде суға түсуге тыйым салынған. Нимфеяның тамырын крахмал дайындау үшін пайдаланады. Су лалагүлінің қуырылған тұқымдары кофені алмастыра алады, себебі оның құрамында алкалоидтар болады. Тамырында суда шіруге жол бермейтін таниндер бар. Олар былғары өнеркәсібінде тері илеу үшін, маталарды қоңыр және қара түске бояу үшін қолданылады», - деп хабарлады Алматы ботаникалық бағы.