Алматыда Түркістан облысы ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді

Алматыда Түркістан облысы ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді Сурет: Inform.kz

Жәрмеңке сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін болады.


2022 жылғы 23-24 қазанда Алматыда Түркістан облысы ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерінің кеңейтілген жәрмеңкесі өтеді. Алматылықтарға өзінің өнімін Түркістан облысының 14 ауданы мен 2 қаласының (Арыс, Кентау) фермерлері ұсынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Фермерлер ұсынатын ассортимент ет-сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдерінің, сондай-ақ ұн, жармалар, өсімдік және жануарлар майы мен басқа да өнімдердің 50-ден астам атауын қамтиды.


Өнімнің жалпы көлемі 367 тоннаны құрайды:



  • ет өнімі – 55 тонна;

  • жеміс-көкөніс өнімі – 190 тонна;

  • сүт өнімі – 25 тонна;

  • балық өнімі – 5 тонна;

  • өзге де өнімдер – 92 тонна.


Жәрмеңке сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін Шевченко көшесінің бойында Қонаев көшесінен Пушкин көшесіне дейінгі («Ғылым ордасы» РМО Археология мұражайына қарама-қарсы) мекенжайда өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26