Алматыда түнгі уақытта жасөспірімдер сайран салған дәмхана қызметі тоқтатылды

Алматыда түнгі уақытта жасөспірімдер сайран салған дәмхана қызметі тоқтатылды
Сурет: Polisia.kz

Бұл мекеме Алмалы аудандық полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімшесінің назарына бірнеше рет іліккен.

Көптеген рейдтер мен іс-шаралар дәмхана әкімшілігінің кәмелетке толмаған балалардың түнгі уақытта ересектерсіз жүруіне заңмен тыйым салынғанын елемейтінін көрсетеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Дәмхана басшылығына қатысты соңғы тексеру нәтижелері бойынша ҚР ӘҚбК-нің 132-бабы 2-бөлігіне сәйкес материал жинақталып, Алматы қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды, оның шешімімен аталған мекеменің қызметі 30 күнтізбелік күнге тоқтатылды.

«Құрметті ауданымыздың ойын-сауық мекемелерінің басшылары! Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің талаптарын қатаң сақтауды естеріңізге саламыз. Балалар – біздің болашағымыз. Ерте алдын алу – ересектер үшін ең маңызды міндет. Өскелең ұрпақ – елдің тірегі», – деді, Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.