Алматыда түнгі клубтың бармені есірткімен ұсталды

Алматыда түнгі клубтың бармені есірткімен ұсталды Сурет: Polisia.kz

Ол қамауға алынды.


Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері полицияның арнайы жасағының көмегімен арнайы іс-шараны жүргізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Қалалық мекемелердің бірінде бармен болып жұмыс істейтін 28 жастағы Д.есімді азамат ұсталды.


"Жедел мәліметтерге сәйкес, күдікті өз жұмыс орнында есірткі сатумен айналысқан. Оның қылмыстық әрекеттері ресми түрде құжатталған: қамауға алынар алдында ол "клиентке" синтетикалық есірткінің дозасын сатқан. Ұстау барысында күдіктіден ақ түсті, ерекше иісті, ұнтақты заты бар байлам табылды және тәркіленді. Сот-химиялық сараптама тағайындалды. Аталған дерек бойынша Медеу аудандық ПБ-да ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Есірткі сатушы қамауға алынды", – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.


ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.


ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37