Алматыда трамадолды рецептсіз сатқан дәріхана анықталды

Алматыда трамадолды рецептсіз сатқан дәріхана анықталды
Сурет: Polisia.kz

Алматыда трамадолды рецептсіз сатқан дәріхана анықталды.

Белгілі болғандай, 30 таблетка трамадол мен 7 бөтелке тропикамидті 19 жастағы шаһар тұрғыны рецептсіз сатып алған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Допингтің» барлық жиынтығы үшін 19 жастағы Т.есімді азаматша фармацевтке 9 мың теңге берген. Екі тарап – сатушы да, сатып алушы да жауапқа тартылды. Дәрілік заттарды рецептсіз сату дерегі ҚР ӘҚбК-нің 426-бабына сәйкес тіркелді. Өндірістік материалдар Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне жолданды», – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.