Алматыда тозығы жеткен баспана мәселесін шешуге шамамен 30 млрд теңге бөлінеді

Алматыда тозығы жеткен баспана мәселесін шешуге шамамен 30 млрд теңге бөлінеді
Сурет: Ашық дереккөз

«Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасын қаржыландыру жалғасын тапты

Алматыда күрделі жөндеуді қажет ететін 1500-ге жуық апатты үй бар. Оған жергілікті бюджеттен 30 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінеді. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров мәслихаттың кезекті сессиясында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Мегаполисте тозығы жеткен 1500-ден астам пәтерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарда. Бұл мақсаттарға жергілікті бюджеттен 30 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінбек. Бұл шара апатты жағдайдағы, сондай-ақ «қызыл сызықтың» бойында орналасқан үйлердің тұрғындарын жергілікті бюджет есебінен көшіруге мүмкіндік береді», - деді қала әкімінің орынбасары.

Сондай-ақ, тұрғын үй тапшылығын азайту аясында әлеуметтік көпқабатты тұрғын үй кешендерін салуға шамамен 30 млрд теңге бөлу қарастырылған.

Одан бөлек, «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасын қаржыландыру жалғасын тапты. Бұл мақсаттарға қосымша 670 млн теңге бөлу жоспарлануда.

«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша кезекте тұрған 200 адамға жеңілдетілген несие беру үшін 3 млрд теңге көлемінде қаражат бөлу көзделген.