Алматыда төтенше жағдайға байланысты  51 мемлекеттік қызмет уақытша жұмыс істемей тұр

Алматыда төтенше жағдайға байланысты  51 мемлекеттік қызмет уақытша жұмыс істемей тұр
almaty-akshamy.kz

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті еліміздегі төтенше жағдайда байланысты уақытша жұмыс істемей тұрған 51 мемлекеттік қызметті анықтады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Олардың көшін білім беру басқармасына қарасты 3 қызмет түрі - «Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау», «Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» және №80, 118, 172, 29, 98, 20, 59, 61 мектептерінде «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау» бастап тұр.

Сондай-ақ, спорт басқармасында 2 қызмет түрі - «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтарын беру» бар.

Қазіргі таңда суранысы артқан әлеуметтік әл-ауқат басқармасына қарасты  «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» және «Тұрғын үй көмегін тағайындау» қызыметтері. Тұрғын үй саясаты басқармасында «Тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждарды кезекке қою» қызметтері де осы қатарда.  

Мәдениет басқармасында «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» қызметі жұмыс істемей тұр. Одан бөлек, мәдениет басқармасы мен «Алматы қаласының мемлекеттік мұрағаты» КММ-нің мемлекеттік қызметін көрсету қызмет берушінің кеңсесі арқылы уақытша қағаз түрінде жүзеге асырылатындығы айтылды. Оларға «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» Алматы қ., Шуланова көшесі, 159, «Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беруге өтінімдерді қабылдау» «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» қызметтерін жатқызуға болады.

Аудан әкімдіктерінің мемлекеттік қызметтері бойынша бүгінгі күні спорттық разрядтар беру, азаматтарды әскерге шақыруды кейінге қалдыру және әскерге шақырудан босату бойынша 3 қызмет қолжетімсіз. Сонымен қатар, АХАТ мемлекеттік қызметтерін қала азаматтары ХҚКО-ның аудандық бөлімдерінен ала алады.

Алматы қаласы цифрландыру басқармасының ақпаратына сәйкес, жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтер «электрондық үкімет» порталы арқылы жақын арада қалпына келтіріледі.