Алматыда төлем терминалын бұзып, ақша ұрлаған күдікті ұсталды

Алматыда төлем терминалын бұзып, ақша ұрлаған күдікті ұсталды
Сурет: Ашық дереккөзі

Күдіктілер қылмысын мойындады

Үш адам терминалды бөлшектеп, бір жарым миллион теңгеден астам “табыс” тапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Төлем құрылғысы Райымбек даңғылындағы дәріханалардың бірінің ішінде орналасқан.
Ғимаратқа заңсыз кіру және терминалды бұзу арқылы қаскөйлер, ол жерден 1 миллион 725 мың теңге көлеміндегі ақшаны жасырын жымқырған, деп жазады Polisia.kz.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған қылмысқа қатысы бар үш азамат ұсталды. Олар 1975, 1986 және 1982 жылы дүниеге келген. Күдіктілер қылмысын мойындады. Заттай айғақтар тәркіленді. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша қозғалды. Күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде», – деді Жетісу аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Асхат Давлетьяров.