Алматыда техника сататын дүкеннен ойын приставкасы ұрланды

Алматыда техника сататын дүкеннен ойын приставкасы ұрланды Сурет: Polisia.kz

Ұрлық жасады деген күдікпен 24 жастағы жігіт ұсталды.


Жас жігіт ойын приставкасын иеленгісі келген сияқты. Ол техника сататын дүкендердің бірінде Nintendo Swish OLED White ойын приставкасына көз тіккен, деп хабарлайды Akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 



«Біздің бөлімшенің криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 24 жастағы О.есімді азаматты ұстады. Қолайлы сәтті пайдаланған күдікті дүкенге кіріп, ойын приставкасын ұрлап кеткен. Ұсталған азамат ұрлыққа қатысы барын жоққа шығармайды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілген. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.



ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп саналады.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24