Алматыда техника қоймасына қарақшылық шабуыл жасалды

Алматыда техника қоймасына қарақшылық шабуыл жасалды
Cурет: Алматы қалалық полиция Департаменті Баспасөз қызметі

Шабуылдаушы үш адам болды.  Олар таңертең әрекет етті.  Қоймада тек күзетші болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы қалалық полиция Департаменті Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 «Олар күзетшіні ұрып-соқты.  Қару-жарақпен қоқан-лоққы жасап, олар компьютерлік техниканы, дәлірек айтсақ, ірі сомадағы видеокарталарды тартып алып, із-түзсіз жоғалып кеткен.  Бұл қылмысты ашу мақсатында жедел-іздестіру тобы құрылып, оның құрамына аудандық деңгейден де, қаланың криминалдық полициясынан да жедел уәкілдер кірді.  Күдіктілер Шу қаласында ұсталды, олар сол жерден Нұр-Сұлтан қаласына теміржол көлігімен кетпек болған.  Олжаның бір бөлігі өздерімен болды, негізгі бөлігі жүк тасымалы арқылы астанаға жөнелтілген.  Тауарлар тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді.  Процессуальдық әрекеттерден кейін видеокарталар иесіне қайтарылатын болады», - деді, бастықтың орынбасары.

 Тоналған қоймаға иелік ететін ЖШС басшысы, полиция қызметкерлеріне жеделдігі мен кәсібилігі үшін алғысын білдірді.

«Полиция қызметкерлері тез арада сол жерге барып, менен бұрын келді.  Тергеу жүргізіп, барлық деректерді алды.  2-3 күннің ішінде іс-шаралар өткізіп, мұны істегендерді тапты, оларды ұстады.  Алматы қалалық ПД Бостандық ауданының полиция қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді.  Барлығы қосылды, қажет нәрсенің бәрін жасады, үш күнде ашты.  Барлығы табылды, тауар табылды.  Мен өте ризамын.  Атқарылып жатқан жұмыстар үшін рахмет», - деді, Алексей Ковалев.

Бостандық аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің мәліметінше, ұсталғандар Нұр-Сұлтан қаласының тумалары.  Бұрын олардың бірі осы компанияның клиенті болды және видеокарталардың құны мен рөлі туралы жақсы біледі.  Күдіктілер қамауға алынды.