Театрда тек қана жастар ойнайды

Театрда тек қана жастар ойнайды
Сурет: 24.kz

«Ағын» атты әлем драматургиясы театры ашылды.

Жаңа өнер ордасының ерекшелігі – сахнада тек 18 бен 28 жас аралығындағы жас актерлар ойнайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Олар - Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлектері. Репертуарда  қазақ және әлем жазушылары мен драматургтерінің шығармалары бар. Атап айтқанда, Мұхтар Әуезов, Роллан Сейсенбаев, Уильям Сароян, Генри Миллер, Евгений Попов, Габриэль Гарсиа Маркестің шығармалары сахналанады. Қойылымдар мемлекеттік тілде қойылады, сондай-ақ, көрермендердің сұрауы бойынша субтитрлер беріледі.

Өнер ошағының шымылдығы «Намыс» спектаклімен ашылды. Жазушы Роллан Сейсенбаевтың шығармасының желісімен сахналанған қойылымда қазақ- жоңғар соғысында қол бастаған қазақ батыры Күшікбай туралы терең сырға толы шындық айтылады.

«Бұл - менің театрдағы дебютім. "Намыс" деген спектакльде Күшікбай деген батырды сомдаймын. Күшікбай батыр - 20 жасар жас батыр, Уақ тайпасынан шыққан, ақылды, көбінесе күшке емес ақылға салып, асықпай оймен шешеді. Бұл жерде енді 18-ғасырдағы оқиға, шын өмірде болған. Қазіргі таңда Абай облысында Күшікбай батырдың бұлағы бар», - дейді Данияр Жетпісов.