Алматыда тегін дәрі-дәрмек көлемі артты

Алматыда тегін дәрі-дәрмек көлемі артты
Cурет: Zhanaqorgan-tynysy.kz

Медициналық препараттар көлемі де ұлғайды.

Алматы қаласы Әкімдігінің ұсынысы бойынша депутаттар сирек кездесетін ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттар тізбегін бекітті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Алматыда медициналық препараттар көлемі ұлғайды. 1,3 млрд.теңге мөлшерінде бөлінген қосымша қаражат жұлын бұлшықетінің атрофиясын, I санаттағы қант диабетін, симптоматикалық эпилепсия мен басқа да ауруларды емдеуге бағытталатын болады.